Тағы бір әйел Меркідегі Мәдинаның кебін киді
Алматы облысында екі баланың анасы көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын әйел күйеуінен соққы көріп, қолын сындырған. Оқиғаның мән-жайы қазіргі уақытта тексеріліп жатыр.
«23 шілдеде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған – әзірге ресми нұсқа осы. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген желідегі жазбада.
Марқұмның артында екі жасар егіз баласы қалған.
«26 шілде күні сіңлім өзіне қол жұмсады. 23 шілде күні күйеуі екеуінің арасында жанжал шығып, күйеуі оны ұрып-соғып, қолын сындырған. Ұялып әрі ата-анамызды аяп, ол маған ештеңе айтқан жоқ. Өзіне қол салардан 1 сағат бұрын сіңлім маған осының бәрін айтып берді, егіз балаларын басқа бауырымызға қалдырып, артынша өзіне қол жұмсады», – делінген марқұмның туысының хатында.
Қаз
Рус






