Қызылордада жеке балабақша көлігі жол апатына ұшырады

5 576
Кадры из видео

Фото: СкриншотҚызылорда қаласында 2025 жылдың 16 қыркүйегінде "Ералаш" жеке балабақшасына тиесілі көлік жол-көлік оқиғасына түсті. Оқиға шамамен сағат 18:08-де КБИ мөлтек ауданындағы С.Ысқақов пен Есет батыр көшелерінің қиылысында орын алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облыстық Полиция департаментінің ресми хабарламасына сәйкес, апатқа екі көлік қатысқан:

 "Аталған дерек бойынша оқиға орны заңға сәйкес ресімделіп, тиісті құжаттар жинақталды. Оқиғаға байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 2 бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді".


Қазіргі таңда бұл іс ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігі бойынша қарастырылып жатыр. Бұл бап — жол жүрісі қағидаларын бұзу арқылы көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

Би ресми деректерде көліктің ішінде 13  тәрбиеленуші  болғандығы айтылуда. Қоғам арасында бұл жағдайға алаңдаушылық білдірілуде, өйткені көліктің балабақшаға тиесілі екендігі балалардың қатысуы мүмкін екенін меңзейді. Дегенмен, денсаулық сақтау басқармасынан және "Ералаш" балабақшасы әкімшілігінен бұл оқиғаға байланысты әзірге түсініктеме берілген жоқ.

Ал, Қызылорда қалалық білім бөлімі: 

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілердің қатысуымен орын алған жол көлік оқиғасына қатысты зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі бойынша қабылданған шаралар қосымша хабарланады.", - деген. 


Қоғам тарапынан ата-аналар мен белсенділер балаларды тасымалдау мәселесіне қатысты талаптарды күшейтуді сұрап отыр. Жеке балабақшаларда балаларды тасымалдау қауіпсіздігі мен жүргізушілердің біліктілігі жиі сынға алынып келеді. 

Естеріңізге сала кетсек шілде айында да балабақша тәрбиеленушісі мен тәрбиешісі мінген жеңіл автокөлік жол апатына түскен болатын.