Ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктен секіріп шатырын тесіп өткен

1 514

Фото: ©Видео кадрыЖасөспірім биіктен секіріп, орталықтың шатырын тесіп өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Massaget.kz сілтеме жасап.

Атырауда сауда-ойын-сауық орталығының бірінде жасөспірім сым арқылы биікке көтеріліп, кейін секіріп, кіреберістің шатырын тесіп өткен. Оқиға әлеуметтік желіге жарияланған.

Атырау облысының полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, жасөспірім орталықта ересектердің қарауынсыз болған. Оның ата-анасы баланы тәрбиелеу және бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органдарға оқиға болған сауда-ойын-сауық орталығында қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасау нұсқамасы берілген. Қазіргі уақытта қауіпсіздік талаптарының сақталуы және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары бақылаудға алынбақ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.