«Е-Өтініш» жүйесі арқылы 16 млн арыз түскен
Қазақстанда кез келген азамат үйінде отырып, кез келген мемлекеттік органға арыз-шағымын «е-Өтініш» онлайн платформасы арқылы,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Ол әділеттік орнату үшін мемлекет қоғам үшін ең алдымен ашық болу керегін айта келе, ол үшін не істеліп жатқанын түсіндірді.
"Яғни, азаматтардың өтініштерін мейлінше ашық әрі тиімді қарап, жедел шешім қабылдау тәсілі қалыптасты. Бұдан бөлек, бұл жүйе бюрократиялық кедергілерді азайтуға және жұртшылықтың ой-пікірін ескеруге мол мүмкіндік берді. Осылайша, халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды", - деп толықтырды Тоқаев.
Президент 2019 жылы әкімшілік әділеттің жаңа үлгісін қабылдау қажеттігін айтқанын еске салып, осы мақсатты орындау үшін 2021 жылы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгенін де тілге тиек етті.







