Талдықорғанда газ жарылды

231
Талдықорғандағы ЖШС аумағында орналасқан жеке ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам жарақат алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жарылыс туралы ақпарат 22 қазанда таңғы 05:50 шамасында келіп түскен. Талдықорған қаласы Желтоқсан көшесінде орналасқан ЖШС аумағындағы жеке нысанда газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан қабырғалары құлап, 20 шаршы метр аумақ өртенді.

Жарылыстан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен беті күйіп қалған. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Қазір жарылыс салдары анықталып жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.