Көліктерді жалға беруге қатысты бірнеше алаяқтық әшкереленді

1 514

Фото: ©polisia.kzБҚО-да көліктерді жалға беруге қатысты бірнеше алаяқтық әшкереленді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері облыс орталығында 26 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін анықтап, жолын кесті. Тергеу мәліметінше, күдікті өз атына тіркелген жеке кәсіпкерлік арқылы автокөліктерді жалға беру қызметін ұсынып, алаяқтық схеманы жүзеге асырған. Анықталғандай, ол көлік иелерімен келісім жасап, автокөліктерді ұзақ мерзімге жалға алған. Алайда кейін бұл көліктерді заңды негізсіз үшінші тұлғаларға беріп, жеке қарыздарын өтеу мақсатында пайдаланған. Соның салдарынан көлік иелеріне мүлік қайтарылмай, жалдау төлемдері де тоқтатылған. Алдын ала есеп бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеден асады.

 Күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындаған. Оның берген жауаптары куәгерлердің айғақтарымен расталып отыр. Аталған дерек бойынша төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып, автокөліктердің нақты орналасқан жері анықталуда. Полиция азаматтарға мүлік пен қаржыға қатысты мәмілелер жасағанда барынша мұқият болуды, сондай-ақ автокөліктерді жалға беру немесе алу кезінде келісімшарттардың заңдылығын алдын ала тексеруді ескертеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.