9 жасар қыз бен ер адам құдыққа түсіп мерт болды

1 809

Фото: Pixabay.comҚоқыс толы ескі құдыққа құлап мерт болғаны екі адамның біреуі – 9 жасар жеткіншек. Баланы құтқармақ болған тағы бір адам құдыққа секірген, алайда кері шыға алмай қалған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының Жарлы ауылында 17 маусымда 9 жастағы қыз жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 10 метр құдыққа құлап кеткен. Құдық қараусыз қалған, ішіне қоқыс толып қалған.Ер адам баланы құтқаруға тырысып, артынан түскен. Алайда ол сыртқа шыға алмаған.

"Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, екеуі де қайтыс болды", – деді Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.