Аязды күні адасып кеткен үш адамның мәйіті табылды

1 544

Фото: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМБҚО-да аязды күні із-түзсіз кеткен үш адамның мәйіті табылды , - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысында аязды ауа райында жоғалып кеткен бірнеше адамның бірі – 57 жастағы Жәнібек ауданының тұрғыны, 25 жастағы Бөкейорда ауданының тұрғыны және 35 жастағы Қазталов ауданының тұрғыны – денесі табылды. Олардың бәрі аяздан үсіп, қаза болған.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 15 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығы салдарынан жоғалып кеткен үш ер адамның денесі табылды.

Сонымен қатар, 54 жастағы Ақжайық ауданының тұрғыны тірі табылған, алайда қол-аяқтары қатып, үсік шалған. Қазіргі уақытта оны Орал қаласына жеткізді.

Қазіргі уақытта бір адам әлі де жоғалған болып есептеледі. Ол –Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғыны. Ол 13 желтоқсан күні сағат 21:00 шамасында қыстаудан шығып кеткен.

Жоғалған адамды іздеу жұмысына құтқарушылар, әскери қызметшілер, полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік қызметкерлері жұмылдырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.