Жеңілдетілген автокредит аламын деушілер салондарда ұзын-сонар кезекте тұр

319
Бүгін қазақстандық банк 4 процентпен жеңілдетілген автокредит бере бастайды. Елдегі автосалондарға таң атқалы жеңілдікпен көлік сатып алғысы келетін жүздеген адам барды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Автосалонда көлік сатып алуға өтінімді тікелей рәсімдеу әзірге мүмкін емес. Автокөлік дилерлерінің қызметкерлері тізім жасайды. Содан кейін оларды базаға енгізіп, төлем шотын қолға береді.

Ережеге сәйкес, салондар келушілерге VIN кодын (көліктің бірегей коды) беруі керек. Бірақ әзірге олай емес.
Адамдар кезектегі орнынан айырылып қалмауға тырысып жатыр.

Автодилерлердің айтуынша, бүгін келгендердің арасында темір тұлпар тегін беріледі деп ойлайтындар да бар.

Ең танымал бренд - Kia Rio. Оны қазірдің өзінде брондау мүмкін емес.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.