Қызылордалық азамат 20 мың теңгені принтермен басып шығарып, бірнеше жерге жұмсаған

122

28 жастағы Қызылордалық тұрғын 20 мың теңгені принтермен басып шығарып, жалған банкнотты бірнеше жерге қолданған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Тергеу материалына сәйкес, 28 жастағы ер адам жанар-жағармай құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенде тауар ақысын жалған ақшамен төлеген. Ал қайтарымына түпнұсқа банкноттар алған.


"Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтіні және принтерде басып шығарылғаны анықталды", - делінген ресми хабарламада.


Қазіргі кезде қала тұрғыны жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісімен жауапқа тартылып отыр. Ол өз кінәсін толық мойындады. Барлық материал сотқа жолданды.


Айта кетері, Қылмыстық кодекс бойынша мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.