Ота жасатамын деп көз жұмған
Қарағанды облысында жоспарлы ота жасатамын деп көз жұмған 40 жастағы азаматтың өліміне қатысты іс тергеуге жолданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК сайтына сілтеме жасап.
Медициналық қызмет сапасын бақылау департаменті жүргізген тексеріс бірқатар олқылықты анықтаған. Бірақ олардың дені дәрігерлердің стандарт процедурадан ауытқуы ғана деп танылыпты.
Себебі марқұм Төрежан Мақашов қандай да бір антибиотикке аллергиясы бар адам ретінде диспансер есебінде тұрмаған. Сондықтан отаның алдында Цевтираксон антибиотигі стандартты ем ретінде қарастырылыпты. Бірақ сұйықтықты тері астына сынама ретінде еккенде оның реакция беру уақыты қадағаланбаған. Төреженға реанимация шараларын жүргізуде дәрігерлік консилиум өткізілмегені анықталды. Сондықтан емдеуші дәрігер өз еркімен жұмыстан кеткен, ал екпе жасаған медбике басқа бөлімге ауыстырылыпты.
Еске салайық, Төрежан Мақашов облыстық ауруханаға 8 қарашада жоспарлы отаға келіп, екі күннен соң жан тапсырған. Себебі марқұмның антибиотикке аллергиясы болған. Оны Төрежанның туыстары ота жасалар кезде дәрігерлерге айтып та, жазып та беріпті.