Атқа мінген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
1 515
Астанада көшелерде атпен жүрген 35 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Ол елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде атқа мініп, видеоконтент түсірген. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам атпен автожол және жаяу жүргіншілер жолы арқылы жүріп, тұрғындардың қозғалысына кедергі келтірген.
Кейін «Бәйтерек» монументіне қарай бет алған кезде жылқы қиылыстардың бірінде тротуарды ластап, жасыл желекке зақым келтірген. Осыған байланысты ер адамға абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін екі әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылған.







