Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

1 526

Фото:© Pixabay.comІшкі істер министрлігі жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың жаңа түрі анықталғанын ескертті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде deepfake технологиясы арқылы бір банктің басшысының бейнесі қолданылған жалған бейнеролик таралып жатыр. Онда азаматтарға Halyk+ атты инвестициялық платформа арқылы ірі көлемде табыс табу мүмкіндігі ұсынылатыны айтылған. Министрлік ресми түрде мұндай платформаның жоқ екенін және таралып жатқан ақпараттың толық жалған екенін мәлімдеді. Мұндай алаяқтық әрекеттер азаматтардың қаржысын жоғалтуына әкелуі мүмкін. 

“Азаматтар кез келген белгісіз онлайн платформалар арқылы ақша салу туралы ұсыныстардың алаяқтық тәуекелі жоғары екенін естен шығармауға тиіс. Қауіпсіздік мақсатында қаржылық операцияларды тек банктердің ресми бөлімшелеріне жеке барып жүргізу қажет”, – делінген хабарламада.

Қаржылық операцияларды тек банктердің ресми бөлімшелеріне жеке жүгіну арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды:

- әлеуметтік желілердегі күмәнді видеолар мен жазбаларға сенбеуге;

- белгісіз сілтемелерге өтпеуге;

- жеке деректерді бөгде тұлғаларға бермеуге;

- ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырады.

Мұндай материалдар анықталған жағдайда немесе алаяқтардың құрбаны болған кезде, азаматтарға дереу құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.