Қызылорда облысында ұшақ өртенді

1 128
ИИДМ бұл дерек бойынша тексерісті бастады. Қызылорда облысында АН-2 ұшағы әуежайға қону кезінде өртенді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің айтуынша, бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде қону кезінде "Тараз Жаңа Әлем" жеке әуекомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртке оранды. 

"Ұшақ Қызылорда-Арал бағыты бойынша TJA5217 санитарлық рейсін орындады. Бортта 2 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада. ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті бұл дерек бойынша бүгінде тексеріс жүргізетін болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.