Жасөспірімдер арасындағы жанжал өліммен аяқталды

1 500

Фото: PixabayЖамбыл облысының Байзақ ауданында кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға қатысы бар жасөспірім ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім дене жарақатын алған. Кейін ол алған жарақаттарынан көз жұмған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында, — деп хабарлады полиция.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.