Өзбекстан ауаның ластануына Қазақстанның шаңын кінәлады

1 500

Фото: t.me/stankznewsАлайда "Қазгидромет" мамандары бұл мәліметті жоққа шығарды. Мамандар 15–22 қараша аралығындағы ауа райы мен ауа ағындарын зерттеген, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Талдау кезінде Ташкент маңында желдің баяу соққаны анықталған. Ал ауа массалары негізінен Иран, Қызылқұм шөлі және Өзбекстанның оңтүстік-батысынан келгені белгілі болған. Біздің елден Ташкентке қарай тікелей ауа ағыны болмаған.

Өзгидромет дерегінше, 20 қарашада Бұхара, Науаи және Жызақ қалаларында ауа Ташкентке қарағанда әлдеқайда шаңды болған. Мысалы, Бұхарада ауадағы шаң мөлшері Ташкенттегі ең жоғары көрсеткіштен төрт есе көп тіркелген. Ал Науаи мен Жызақта шаң деңгейі Ташкенттен жоғары болған.

"Қазгидромет" Ташкенттің ластануына қаланың өзіндегі факторлар әсер еткенін айтты. Олардың қатарында көлік түтіні, жылыту жүйелері, өнеркәсіп орындары мен құрылыс жұмыстары бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.