Шаруалар егістік науқанына қызу дайындықты бастады
Қызылорда облысы аумағындағы шаруалар егістік науқанына қызу дайындықты бастады,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары Қызылорда қаласында да қарқын алды. Бұл – күзде орғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, қайнаған еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.
«Қыста малыңды бақ, жазда шөбiңдi шап» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Сондықтан, қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаз бен күзгі науқандық жұмыстарды ұйымшыл¬дықпен атқару басты талаптың бірі. Осыны ескерген шаруалар қазір барлық күш-жiгерді осы мақсатқа жұмылдырып, егін орып, мал азығы қорын дайындау қамына кірісті. Дала төсін дүбірге бөлеген диқандардың қызу тірлігі облыстың барлық ауданында жүріп жатыр. Осыған орай, егіс алқаптарындағы еңбек дүбірін назарында ұстап отыр.
Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі. Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында бағдарламаларды жүзеге асыру қарқынды даму үстінде. Қазақтың жүрегі – ауылда. Жаһандану дәуірінде қазақылықтың қаймағын бұзбай сақтап отырған ауыл адамдары екені баршаға мәлім. Жылма-жыл егіс көлемін ұлғайтып, жер Анадан берекелі өнім жинай білген, төрт түлігін түлетіп, ыдысы ақтан арылмаған жергілікті тұрғындардың табыс қазанын қайната түсуіне үлкен жол ашылып келеді.
Олай болса, биылғы көктемнің шуағымен, жер-ананың қызуымен егілетін көктемгі егістің барысы қалай? Қанша гектар жерге егін егілмекші? Техникалар күші жеткілікті ме? Осы сұрақтарымызбен қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне хабарластық.
Дайындық басталды
Бөлім мамандарының айтуынша, биыл барлығы 9036 гектарға егін егу жоспарлануда. Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 3610 гектар, дәнді дақыл –107 гектар, бау-бақша, көкөніс – 2820 гектар, мал азықтық дақыл – 2499 гектар.
Ерте көктемде егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары басталып, бүгінгі күнге 1849 гектар ескі жоңышқаны тырмалап, 170 гектар жаңа жоңышқа, 52 гектар жаздық бидай, 35 гектар қант құмайы егілді. Қашыртқылар мен су арналарын тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша ішкі су жолдарын 54300 текшеметр топырақ шығарылып, 4 гидробекет пен 2 су құрылысы жөндеуден өтті.
Сонымен қатар осы жылдың егісіне 918 тонна күріш тұқымы құйылып, оның 23%-ын отандық сорттар, 77%-ын ресейлік сорттарды құрап отыр. Қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 3278 тоннаны құрап, толығымен сатып алынды. Оған қоса ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша биыл арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің қажетті көлемі 4264 литрді құрап отыр.
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 1007 тонна дизель отынын жеткізіп беруші операторлар «РК Мұнай» және «Жібек Жолы LTD» ЖШС белгіленді. Бүгінгі күнге шаруашылық құрылымдарының қажетті дизель отынының сұранысы бойынша келісім-шартқа отыруда. Айталық, 1 литрі 215 теңгеден босатылуда, көктемге-479 тоннаны, күзге-528 тоннаны құрауда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 148 ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда. Оның ішінде 91 трактор, 22 трактор тіркемесі, 21 соқа, 9 дән сепкіш, 5 жүк көлігі бар.
Егін егемін десең, жер беріледі
Сонымен қатар облыс әкімінің жергілікті ауыл тұрғындарын өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қосымша жерлер дайындап беру тапсырмасына сәйкес 30 гектар жер ашып беру жоспарлануда. Қарауылтөбе ауылдық округінен-10 гектар, Қызылөзек ауылынан-20 гектар болып белгіленді. Осыған орай қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми сайтына хабарландыру жарияланып, бүгінгі күнге 25 тұрғын егін егуге өтініш білдірген. Өтінім қабылдау жалғасуда.
Күріш дақылдарын егу оңтайлы мерзімдері бойынша «Ы.Жақаев атындағы Қазақ Күріш ғылыми зерттеу институты» ЖШС арқылы жасалып, сәуір айының 3-ші онкүндігінде бастау жоспарлануда. Көктемгі дала және егін егу жұмыстарының атқарылу барысы тұрақты бақылауда.
Бүгінде қаладағы ауа райының құбылып тұрғанына қарамастан жауаптылар да көктемгі дала жұмысына білек сыбана кірісіп кетті. Ал шаруалардың еңбегінің нәтижесін уақыттың өзі көрсетеді.
Негізі егін егу – жауапты кезең. Көктемгі егіс – дала жұмыстары алдағы уақытта да қарқын ала түспек. Ендігі міндет – берілген мүмкіндікті толық пайдалана отырып, ұйымшылдықпен еңбек ету. Басты мақсат – егін егу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, мол өнімнің негізін қалау. Бұл берекелі, игілікті іс барысында егін егумен айналысатын әрбір шаруашылықтың басшысы мен диқандарға үлкен жауапкершілік пен міндет жүктеледі. Себебі көктемнің әр күні жылға азық деген…
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін қазіргі заманғы топырақ үнемдеу технологияларына көшу маңызды шара. Егістік жер құрылымында ағымдағы жағдайда жүргізілген талдау нәтижесі мен өңірдегі топырақ-климаттық аймақтардағы деректер осыны көрсетті және оны одан әрі қарай жетілдірудің мол мүмкіндіктері бар екені анықталды. А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында бір орында үзіліссіз ұзақ мерзімде жүргізілген ғылыми жұмыстардың деректері бойынша Ақмола облысының Сандықтау, Шортанды, Атбасар аудандарындағы жеке шаруашылықтарда өңделген егістік жер танаптарын тиімді пайдалану арқылы өсімдік шаруашылығын әртараптандырғанда өсімдіктің биологиялық бір-біріне ұқсас әр түрлі дақылдардың тиімділігінің әсері байқалды. Әсіресе, жемазықтық дақылдар (арпа, сұлы) жоғары әлеуетті өнімділігімен ерекшеленеді және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланады. Таза сүрі жер танабының орнына жемазықтық дақылдарды өсіру өңделген жерлердің тиімділігін жоғарылатады және парлы ауыспалы егіспен салыстырғанда 4-танапты астықты ауыспалы егістің түсімділігі 24 пайызға артып, ал, осы дақылдардың ауыспалы егістегі көп жылдардағы орташа өнімділігі гектарынан 23,8 центнерді құрады. Сондай-ақ, өңделген егістік жер құрылымында дәнді бұршақ дақылдарының көлемін кеңейту өте өзекті. Дәнді бұршақ дақылдарының арасынан жоғары өнім беретін асбұршақ дақылы. Зерттеу жүргізілген соңғы жиырма жылда асбұршақтың орташа өнімі таза сүрі жер танабына өсірілгенде гектардан 15,1 центнер, ал, аңыздықты танапта гектардан 14,6 центнер болды.
«Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, биылғы егіс алқаптарының құрылымы қалыптастырылды. Жалпы егістік алқабы 23,4 млн гектар болады, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 68,6 мың гектарға көп. Атап айтқанда, дәнді және дәнді-бұршақты егіс алаңын 117 мың гектарға, азық дақылдары алаңын 36,5 мың гектарға және қант қызылшасы бойынша егістік көлемін 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Нарық сұранысының өзгеруіне байланысты мақсары, соя және қыша сияқты кейбір майлы дақылдар егуді шамалы қысқарту жоспарланды», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.
Министрдің айтуынша, биыл күнбағыс секілді әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқабы 30,8 мың гектарға ұлғаймақ.
«Сонымен қатар, көкөністер егуді 11,1 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Жиі суаруды қажет ететін дақылдарға келсек, биыл өткен жылмен салыстырғанда мақта алаңы 14,8 мың гектарға азаюы мүмкін – 111,4 мың гектар. Үкіметтің суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш егу алаңы өткен жылмен салыстырғанда 7,6 мың гектарға ұлғаюы байқалады», - дейді ол.
Сондай-ақ, Е. Қарашөкеев жоспарланған егістік алаңдары ішкі нарық қажеттілігін толық қамтуға мүмкіндік беретінін айтты.