Мұнай бағасы әлемдік нарықта тағы қымбаттады

2 516

Фото:©Коллаж /Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 111,16 долларға жетті. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 6,68 пайызға жоғары,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің тығырыққа тірелуі әлемдік м ұнай нарығындағы алаңдаушылықты күшейтіп, мұнай бағасының тағы да өсуіне әсер етеді.

Халықаралық энергетика агенттігі Ормұз бұғазының жабылуы салдарынан әлемдік мұнай қоры рекордтық деңгейде азайып жатқанын мәлімдеді. Агенттік үздіксіз жеткізілімдегі іркілістер қорлардың күрт қысқаруына әкеліп, алдағы уақытта мұнай бағасының одан әрі шарықтау қаупін арттыратынын ескертті.

Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс сәуір айында жасалған әлсіз бітімге қарамастан бәсеңдемеді. Иран әлемдік мұнай мен газ тасымалының шамамен бестен бірі өтетін Ормұз бұғазын әлі де бұғаттап отыр.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Иран порттарына жасалған қоршауды қолдайтынын білдірді. Кеше америкалық көшбасшы Иранға қатысты «уақыт таусылып бара жатыр» деп мәлімдеп, қатаң ескерту жасады.

Еске салайық, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы аясында Ирак Ормұз бұғазы арқылы мұнай экспортын шамамен 9 есеге қысқартты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.