«Әйелді тепкілеп, 10 көлікті қиратқан»: сот төрағасы қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатов бұзақылық жасады деп күдікке ілінді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметтері бойынша Ерболатов әйелді тепкілеп, онға жуық көлікті қиратқан.
15 қараша күні таңғы бес жарымда полицейлер күдіктіні ұстады. Прокуратура судьяға қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабы екінші бөлігінің екінші тармағы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.
Қаз
Рус






