«Әйелді тепкілеп, 10 көлікті қиратқан»: сот төрағасы қамауға алынды

1 585

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатов бұзақылық жасады деп күдікке ілінді,-  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тергеу мәліметтері бойынша Ерболатов әйелді тепкілеп, онға жуық көлікті қиратқан.

15 қараша күні таңғы бес жарымда полицейлер күдіктіні ұстады. Прокуратура судьяға қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабы екінші бөлігінің екінші тармағы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

“Қылмыстық-процестік кодексінің 550-бабымен Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берілді. Қазір ШҚО полиция департаментінің тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді ШҚО прокуроры Аймат Байшолақов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.