«Шөлге шыдамай унитаздан су ішті»: БҚО-дағы арнаулы орталықтағы жанжал тексеріліп жатыр
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Батыс Қазақстан облысындағы Дариян арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері мекеме пациенттерінің ауызсуға еркін қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол пациенттердің бірінің унитаздан су ішіп жатқанын видеоға түсірген. Ал орталық директоры мұны әдейі ұйымдастырылған әрекет деп атап, қызметкердің үстінен арыз жазған, деп хабарлайды Видеода не көрсетілген
Кадрлардан бір адамның унитазға еңкейіп, одан су алып ішкені көруге болады. Видеоның сыртында сөйлеген ер адам мекемеде су мәселесі бар екенін айтады. Оның сөзінше, пациенттер шөлге шыдамай, тіпті өз зәрін ішуге мәжбүр.
Орталық директоры не дейді
Мекеме әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Басшылықтың айтуынша, қызметкер жұмыстағы жанжалға байланысты пациентті унитаздан су ішуге өзі үгіттеген.
– Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Мекемеде ауызсу мәселесі жоқ. Біз орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылғанбыз, сонымен қатар қосымша сүзгілеріміз бар. Қамқоршы ретінде уәкілетті органдарға арыз жаздым. Олар видео түсіріп, қамқорлығымдағы адамның құқығын бұзған қызметкердің әрекетін тексереді, – деді орталық директоры Нұржан Әткешов.
Енді мекемеде тексеру жүргізіледі.
Қаз
Рус






