«Мұғалімге тап берген»:16 жастағы оқушы мектепке балта алып келіп, шабуыл жасаған

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скринМалайзияның Кучинг қаласындағы мектептердің бірінде 16 жастағы оқушы мұғалімге балтамен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде оқушының өзі түсірген видеосы да тараған. Кадрлардан оның мектеп дәретханасында телефонды басына бекітіп, кейін сыныпқа қарай бет алғанын көруге болады.

Шабуылдың салдарынан әйел мұғалім жарақал алып, ауруханаға жеткізілді. Мектеп әкімшілігі оның жағдайы ауыр емес екенін және оның қалпына келіп жатқанын мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдарына таңғы сағат 08:03 шамасында хабар түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, оқушы мектепке петарда мен балта алып келген.

Оқиғадан кейін полиция оқушыны ұстады. Мектеп әкімшілігі қауіпсіздік шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ оқушылар мен қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсету мәселесі қарастырылған.

Полиция өкілдері тергеу нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатын 27 қазанға жоспарлап отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.