Шетелде демалып жүрген қазақстандық әйел зорлық көргенін айтты

1 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; PinterestТүркияның Аланья қаласында демалып жүрген қазақстандық өзіне жыныстық зорлыққа ұшырап, тоналғанын айтты, - деп  Opennews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

DHA ақпарат агенттігінің алдын ала мәліметінше, 16 шілдеге қараған түні әйел күдіктімен танысып, кейін екеуі бірге қонақүйге барған. Біраз уақыттан соң ер адам қонақүйден шығып кеткен. Осыдан кейін қазақстандық әйел жедел қызметке хабарласып, жаңа танысының өзіне жыныстық зорлық көрсетіп, ұялы телефонын тартып алғанын айтқан.

Аланья қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әйелдің арызынан кейін заң бұзды деген күдікпен Сирияның 24 жастағы азаматын ұстаған. Ол аудармашының қатысуымен жауап беріп, кейін сотқа жеткізілген. Сот оны тергеу аяқталғанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.