"Ауғанстанды тастап кету қиын болды": Кабулдан Алматыға келген БҰҰ өкілдері қалай жұмыс істеп жатыр

275

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ауғанстаннан Алматыға жеткізілген Бірікен Ұлттар Ұйымының жүзден астам өкілі қашықтан жұмыс істеуге кірісіп кетті деп хабарлайды Хабар 24.

Халықаралық ұйымның қызметкерлері қаладағы қонақ үйлердің біріне орналасқан.

БҰҰ-ның арнайы өкілі Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының басшысы Дебора Лайонстың айтуынша, БҰҰ-ның 60-қа жуық халықаралық қызметкері уақытша кеңсе ашу үшін Алматыда қалады. Қалғандары еліне оралады.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанда қалған өкілдері азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Миссия жетекшісі арнайы топ құрылып, гуманитарлық жәрдеммен айналысып жүрген әріптестеріне және Кабул әуежайындағы жағдайды тұрақтандыруға атсалысып жатқан халықаралық қызметкерлерге көмектесетінін мәлімдеді.

"Ауғанстанды тастап кету қиын болды. Ұшақ осында бет алғанда көпшілік бізді қуанды деп ойлаған шығар. Бірақ олай емес, бәріміз ауыр ойда болдық. Ұшақта үнсіздік орнады. Ауғанстаннан кеткіміз келмеді. Бірақ қауіпсіз ортада отырып, Кабулда қалған адамдарға бұрынғыдан да көп қолдау көрсететін боламыз", - дейді БҰҰ арнайы өкілі, Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының басшысы Дебора Лайонс.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.