Павлодар облысында әкім жер бөлу кезінде өз ағасына дауыс бергені үшін жазаланды

451

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Павлодар облысындағы әдеп жөніндегі отырыста жер бөлу кезінде өз ағасына дауыс берген Торайғыр ауылдық окургінің әкімі Мұхтар Молшиннің ісі қаралды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.


Аудандық жер комиссиясының мүшелігінде болған Мұхтар Молшин 2021 жылдың 15 желтоқсанында болған отырыста уақытша өтелуі тиіс жерлерді пайдалануға беру кезінде үш қатысушының арасынан өзінің туған ағасына тиесілі “Молша” шаруа қожалығына дауыс берген. Байқауға 1,651 га жер бөлінген. 

Нәтижесінде әкімнің ағасының шаруа қожалығы он дауыстың алтауын жинаған. Этика мүшелері әкімнен дауысын қайтып алуды сұрағанымен ол орындамаған. Кейін қатысушылар тарапынан шағым түсіп жер комиссиясының шығарған шешімі жойылды. 

Мұхтар Молшин өзі бұл әрекетін заңды білмеуі мен ағасының шаруашылығының ауылды көркейтіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен көмегі тигендіктен жасағанын түсіндірді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.