Жөнделген жаңа жол екі күннен кейін опырылып қалды

1 551

Петропавлдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы жөнделген жол екі күн бойы қала тұрғындарына жарап тұрды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Содан кейінгі жағдайы жөндеуден бұрынғыдан да нашарлаған. Тұрғындар мердігерлер төсеген жаңа асфальтқа біраз шағым жазған. Қала әкімдігі «құрылыс компаниясы асфальт қоспасын артығырақ күйдіріп жіберген» деп мәлімдеді. Жұмысты «Новинтех» компаниясы істеген. Әкімдік мердігермен 280 миллион теңгелік екі жылдық келісімшарт жасасқан.


"2023 жылға жоспарланған сома – 118 млн теңге. Асфальт-бетон жабындысының сапасыз төселуіне байланысты сома алынды. Көшедегі жұмыс қабылданбады, ол ақау толық жөнделгеннен кейін қабылданады" - деді «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы» Еркін Елеусізов.

Сондай-ақ қала әкімі Серік Мұхамедиев мердігер компания өз қаражаты есебінен жолды қайта жөндейтінін жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.