Сәуле Әбілдаханқызы әйелдер партиясын құрмақ

293
Қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбілдаханқызы әйелдер партиясын құратынын мәлімдеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақжүніс» әйелдер партиясын құрамын! Барлық қазақ әйелдері, бірігіңдер!.. Кім жаңа партия заңгері болғысы келеді, өз-өзіңізге, біліктілігіңізге сенімді болсаңыз, хабарласыңыз! 2-3 жыл бұрын қоғамдық бірлестігімді тіркейтін мекенжай таппай, қырық туыс, жүз досқа жалынып, «зияның тиеді, билік менің соңыма түсіп алады, қорқамын» деп ешкім өз үйіне тіркегісі келмей, ақырында қолымды бір сілтеп қойған едім. Әйелдер партиясын пропискаға қоятын адам табыла ма екен?..» – дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін де жеке партия құрып алғысы келетін белсенділер саны аз болмаған. Мысалы, қаңтардағы қақтығыстан кейін саясаттанушы Санжар Боқаев «Намыс», «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртай Олжас Сүлейменов, Тоқтар Әубәкіровпен бірге экологиялық «Байтақ» партиясын, белгілі бизнесмен Болат Әбілов те бір партия құратынын мәлімдеген еді. Одан бөлек, 2019 жылы белсенді Тоғжан Қожалиева ХАҚ (Халыққа адал қызмет), бизнес-тренер Ахметжан Нұрсила «Сен» атты партия құруға талпынған-ды. Қазір олардың үні шықпай қалды.