2022 жылы қазақстандықтар неше күн демалады
301
2022 жылы демалыс күндері Халықаралық әйелдер күні мен Конституция күніне ауыстырылады-деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Таяуда ғана Үкімет басшысы Асқар Мамин 2022 жылдың демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға қол қойған еді. Осыған орай оқырман назарына келер жылы қандай мерекелерде қанша күн демалатындықтары туралы мәліметтерді ұсынбақпыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен елімізде қаңтардың 1 мен 2-сі күндері Жаңа жылға орай ресми түрде демалыс күні саналады. Ал 2022 жылдары бұл күндер сенбі мен жексенбіге дөп келіп тұр. Демек, 3 мен 4-і дүйсенбі мен сейсенбі де қазақстандықтар үшін демалыс болады.
Өйткені, мереке күндері сенбі мен жексенбіге тура келгенде демалыс келесі күндерге созылады. Қазақстанда 2 діни мереке күндері демалыс деп жарияланған. Келер жылдың 7 қаңтары Рождество мерекесі жұма күніне түсіп, 7, 8, 9 қаңтар демалыс күні болады. Жоғарыда аталған Премьер-Министрдің қаулысына сәйкес, 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге ауыстырылған болатын.
Осыған орай наурызда қазақстандықтар халықаралық әйелдер күніне орай 6, 7, 8 күндері, ал Наурыз мейрамында 19-23 аралығында 5 күн демалады. Мамырда қазақстандықтар 3 мерекені атып өтеді. Атап айтқанда, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жексенбіге келгендіктен 2 мамыр да демалыс күні саналады. Ал 7 мамыр Отан қорғаушылары күнімен 9 мамыр Жеңіс күніне орай 4 күн демалыс болады. 6 шілде Астана күні сәрсенбіде және Құрбан айттың бірінші күні өтетін 20 шілде сәрсенбі күндері де демаыс болып саналады. Конституция күніаталып өтілетін 30 тамыз келесі жылы сейсенбіге тура келеді. Сондықтан жоғарыда аталған Үкімет басшысының қаулысымен 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылған. Ал қазақстандықтар 1 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Яғни, бейсенбіде демалады. Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай 16-нан 19-ына дейін демалыс болады.

Тағы да оқыңыздар
Өндірісті өңір
1 504