Балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ойыншықпен ұрған
Павлодарда балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекі қарым-қатынас жасаған сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Балалардың ата-аналарының айтуынша, видеода мұғалімнің балаларға дөрекі қарым-қатынас жасағаны, бір қызды себепсіз арқасынан, бір баланы желкесінен итеріп, тағы бір баланың басынан ойыншықпен ұрғанын көруге болады. Сонымен қатар әйелдің балаларға ұрсып жатқаны анық байқалады.
Ата-аналар кейінгі кезде балаларының үрейленіп, балабақшаға барудан бас тартқанын айтты.
Сондай-ақ білім бөлімі бұл оқиға туралы ата-аналардың шағымынан кейін білгенін айтты.