Екінші әйел алуға депутаттар рұқсат алмақшы

1 579

Фото: Shutterstock Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанда екінші әйел алуды заң жүзінде реттеу қажет екенін мәлімдеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Оның айтуынша, қазіргі заңнамада көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынғанымен, шын мәнінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Депутат бұл тыйымның “қағаз жүзінде ғана” бар екенін, ал қоғамда көптеген ер азаматтардың екінші немесе үшінші әйелдері барын атап өтті.

Абзал Құспанның пікірінше, қазіргі жағдайда тоқалдардың құқықтары мүлде қорғалмаған — олар алимент талап ете алмайды, балаларын асырауға немесе мүліктік көмекке заң жүзінде қол жеткізе алмайды. Сол себепті ол бұл мәселені ашық түрде қоғам талқысына шығарып, заңмен реттеуге уақыт келгенін айтты.

Сонымен қатар, депутат көп әйел алуды жеке өзі қолдамайтынын, бұл бастаманы тек заңгер ретінде қоғамдағы шынайы жағдайды ескеріп көтеріп отырғанын нақтылады. Оның пікірінше, бұл мәселе әйелдердің құқығын қорғау және құқықтық тәртіпті сақтау тұрғысынан қаралуы тиіс.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.