Министрлік 24 млрд теңгеге екі тікұшақ сатып алмақшы
323

Лоттың сипаттамасында бір тікұшақтың бағасы 12 028 823 777,67 теңге екені атап өтілген.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, байқау 28 желтоқсанда аяқталады.
Тікұшақ келесі мақсаттарға арналған болуы керек:
1) науқастарды тасымалдау, шұғыл медициналық көмек көрсету.
2) жердегі және су бетіндегі іздестіру-құтқару операциялары, оның ішінде бұрғылау платформаларына ұшу.
3) жүктерді сыртқы аспада тасымалдау.
4) патрульдеу.
5) салонда медициналық персоналдың сүйемелдеуімен зембілмен 3 жаралыға дейін тасымалдау.
6) арнайы зембілдердің көмегімен құтқару жүкшығырында жараланғандар мен зардап шеккендерді эвакуациялау.
Бұл ретте тікұшақтар жаңа, бұрын-соңды пайданылмаған болуы шарт және жалпы ұшу уақыты 75 сағаттан аспауы тиіс.