Министрлік 24 млрд теңгеге екі тікұшақ сатып алмақшы

397

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекеттік сатып алу порталында төтенше жағдайлар министрлігі 24 млрд теңгеге екі тікұшақ сатып алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттегі.



Лоттың сипаттамасында бір тікұшақтың бағасы 12 028 823 777,67 теңге екені атап өтілген.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, байқау 28 желтоқсанда аяқталады.

Тікұшақ келесі мақсаттарға арналған болуы керек:

1) науқастарды тасымалдау, шұғыл медициналық көмек көрсету.
2) жердегі және су бетіндегі іздестіру-құтқару операциялары, оның ішінде бұрғылау платформаларына ұшу.
3) жүктерді сыртқы аспада тасымалдау.
4) патрульдеу.
5) салонда медициналық персоналдың сүйемелдеуімен зембілмен 3 жаралыға дейін тасымалдау.
6) арнайы зембілдердің көмегімен құтқару жүкшығырында жараланғандар мен зардап шеккендерді эвакуациялау.

Бұл ретте тікұшақтар жаңа, бұрын-соңды пайданылмаған болуы шарт және жалпы ұшу уақыты 75 сағаттан аспауы тиіс.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.