"Комиссия тексергенде ғана баратын әжетхана": Оқушылар бар шындықты жайып салды
691
Түркістан облысының оқушылары әлі күнге дейін түздегі әжетханаға шығуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы "Айна" бағдарламасында көрсеткен болатын.
Бала үшін ең қауіпсіз жер мектеп деп ойлаймыз. Бірақ 2019 жылы тараздық 12 жасар оқушы даладағы дәретханада зорланғанын білесіздер. Содан бері 3 жыл өтті. Оқу-ағарту министрлігі әлі туалеттерді ішке кіргізіп болмай жатыр. 2020 жылы үлгермеген Аймағамбетов 2021-ші, яғни былтырғы бірінші қыркүйекке дейін шешеміз деп уәде етті. енді міне, 2022 жылдың бітуіне де аз қалды. Бірақ, түркістандық оқушылар әлі даладағы дәретханаға шығып жүр.
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Әсіларық ауылы, №49 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары бар шындықты жайып салды.
Үзіліс кезінде даладағы әжетханаға зуылдаған балалардың айтуынша, мектеп ішіндегі әжетханаға тек тексеріс келгенде ғана шығарады екен.
Ал мектеп басшысы ғимарат ішіндегі екі әжетхананың біріне жөндеу жұмыстарын қажет етуде, қабылдап аларда ақауына назар аудармаған дейді.
Ең қызығы, жөндеу жұмыстарын қажет ететін мектеп ішіндегі әжетханаға 2,5 млн теңге керек екен.

Бір жақтағы әжетхана жұмыс жасап жатыр. сол себепті даладағы әжетхана іске қосылып тұр, күрделі жөндеу өткеннен кейін барлығы қалыпқа келеді деп ойлаймын. Жоқтан бар жасап, тығырықтан шығып жатырмыз ғой. Мемлекеттен ақша бөлінбегеннен кейін, біздің қолымыздан келетін ештеңе жоқ, - деді мектеп директоры Мадина Көмекқызы.