Ақтөбеде қызы анасының денесін балконға жасырды жастар айыпталуда

285
Ақтөбеде 16 жастағы оқушы қызға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Ол өз анасын өлтірді деп айыпталуда. Бойжеткенмен бірге оның 18 жастағы жігіті сотталып жатыр. Тергеу мәліметінше, жастар 40 жастағы әйелді өлтіріп, денесін балконға жасырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыс ағымдағы жылдың сәуір айында болған. Іс материалдарына сәйкес, әйелдің денесі бірнеше күн балконда жатқан, деп хабарлайды КТК .
Жастар сірке суы мен сода көмегімен мәйіттің иіс жасырған. Тіпті пәтерде кино көріп, көңіл көтеріп жүрген.

Төртінші күні жігіт адам өлтіргені туралы ағасына айтады. Ол бірден полицияға баруға кеңес береді. Енді жас жігіт барлық жауапкершілікті өзіне алып отыр. Айыптаушы тарап оқушы қыздың анасына да талай рет пышақ сұққанын алға тартып, оны да соттамақ.

Қыздың әкесіз өскені, оны көрмегені белгілі. Марқұм анасы балалар үйінің тәрбиеленушісі болған.