Екібастұзда ата-енесі келінін үйден қуып, баласын тартып алған

346

Екібастұзда ата-енесі келінін үйден қуып, оның баласын тартып алған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігі.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас әйел полицияға шағым түсірген. Ол 2 жас 8 айлық қызын қайтаруды сұрап, жылап келген. Айтуынша, ол үш айдан бері қызына жете алмай отырған. Қызды бұрынғы ата-енесі алып қалған. Күйеуі басқа отбасыға кеткен соң, ата-енесі оны үйден қуып, баланы алып қалған. Ал құжатта қыздың әкесі атап көрсетілмеген. 

Полицейлердің көмегімен жас ана қызымен қауышты. 

"Кішкентай қыздың көзінен қуанышты көру –  әр полицей үшін үлкен марапат. Ал ана мен баланың көзінен қуаныш пен махаббатты көру – теңдессіз", –  дейді Екібастұз ювеналді полициясының аға инспекторы  Фатима Ахмечанова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.