Жақында "Құрмет" орденін алған Satbayev University проректоры пара алды деген күдікпен ұсталды

1 500

Фото: Ержан Кульдеевтың жеке архивіненАлматыда Satbayev University проректоры Ержан Кульдеев ұсталды. Дереккөз мәліметінше, ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып, әрекеті алдын ала пара беру ретінде сараланған, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Алматыда Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev University) проректоры Ержан Кульдеев ұсталды. Оған сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік келтіріліп отыр.

Ержан Кульдеев Политех деп аталған университеттің танымал өкілдерінің бірі. Ол осы оқу орнына шамамен 40 жыл бұрын студент болып түсіп, кейін университетте жұмысын жалғастырып, оқытушылық және басшылық қызметтер атқарған. Осылайша, корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор лауазымына дейін көтерілген.

Ержан Итеменұлының ғылыми жетістіктері де бар. Ол Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик, Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.

Ақпаратқа сәйкес, 7 қыркүйектен бастап Кульдеев қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Дереккөздің мәліметінше, оның әрекеті алдын ала пара беру ретінде сараланған. Істі ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр. Тергеу барысында оған өзге де баптар бойынша айып тағылуы мүмкін.

2026 жылғы сәуірде Ержан Кульдеев ғылым саласындағы елеулі жетістіктері мен жоғары білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.