АУДАН ӘКІМІ ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

1 426

Фото: Жаңақорған аудан әкімдігіБүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың елді мекендегі тұрғындармен кездесу сапары басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алғашқы сапары ауданымыздың оңтүстігіндегі шалғай елді мекендер Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған ауылдық округінен басталды.


Аталған елді мекендерде тұрғындар тарапынан елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету, егін және аяқ су мәселелері айтылды. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі және салаға жауапты тиісті басшылар тарапынан түсіндірмелер берілді. Аудан басшысы тұрғындардың мәселелерін тыңдап, заңдылығына сәйкес шешу жолдарын қарастыратынын және әрбір мәселе өз бақылауында болатынын жеткізді.


Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан , аудан әкімінің орынбасары Семсер Сыздыков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов және бірқатар бөлім, мекеме басшылары жүрді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.