"Слово пацана" киносының актері кісі өлімі үшін сотты болған

1 521


Фото: кадрдан үзінді"Слово пацана" телехикаясында эпизодтық рөлді сомдаған актер Сергей Базанов 2011 жылы кісі өлтірді деген айыппен екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қамауға алу туралы шешімді Мәскеудің Замоскворецкий аудандық соты шығарды. Іс материалдарына сәйкес, Базанов – 12 жыл бұрын төрт белгісіз адам шабуыл жасап, 900 мың доллары бар сөмкесін тартып алмақ болған кәсіпкер Александр Дзабиевті өлтірді деп айыпталғандардың бірі. Дзабиев қарсылық көрсеткен соң шабуылдаушылар оның басынан тапаншамен атып, ақшасын алып қашып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, көз жұмған.


Актер Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша, қарақшылық шабуылды көздейтін пайдакүнемдік мақсатта топ құрып, кісі өлтірді деп айыпталуда. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру. Сот шешімімен Базанов 2024 жылдың 20 ақпанына дейін қамауда болады. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.