Ресейден әкелінген жолбарыстарға қазақша есім берілді

1 511

фото: Экология министрлігіЕлімізде жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында жеткізілген төрт жолбарысқа ресми түрде есім берілген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі айтқан.

Жолбарыстарға терең мағынаға ие Амур, Үміт, Тұран және Уссури деген есімдер қойылған.

Айта кетейік, бұл жоба – жойылып кеткен Тұран жолбарысының экожүйедегі орнын оған генотиптік тұрғыдан ең жақын келетін Амур жолбарыстарымен алмастыру арқылы қалпына келтіруді көздейді.

Қазақстан топырағына табан тіреген соң, жолбарыстар отбасы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы жабдықталған вольерлеріне орналастырылған.

Жолбарыстар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр. Жануарлардың денсаулығы мен жалпы күйі тұрақты деп бағаланып отыр. Олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің жіті әрі тұрақты бақылауында.

Жолбарыстар вольерде мәңгі қалмайды. Олардың жаңа ортаға үйрену процесі мен денсаулығын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін, жыртқыштарды еркіндікке – шынайы табиғи ортаға жіберу жұмыстары басталады.

Қауіпсіздік пен ғылыми бақылауды қамтамасыз ету үшін табиғат аясына жіберілер алдында әр жолбарысқа арнайы қарғыбау тағылады. Спутник арқылы мамандар жануарлардың қозғалысын, аң аулау белсенділігін тәулік бойы қадағалап, қажет болған жағдайда жедел көмек көрсете алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.