Анасын ұрып-соққан ер адам 10 тәулікке қамалды

1 552

Фото: НеМолчиАлматыда анасын ұрып-соғып, бет-аузын көгерткен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



«НеМолчи» қорының  негізін қалаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, желіде еш жерде жұмыс істемейтін, өз анасын үнемі соққыға жығып, анасының зейнетақысымен күн көретін маскүнем ұл туралы ақпарат тарады. 


Ер адам анасын 1 мамыр күні түстен кейін соққыға жыққан.


«Көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген көршілері пәтерді іздеген. Пәтерді тауып, ішке кірмек болған кезде ер адам есікті ішінен ашып, қашып кетпек болған. Есік сынған. Өйткені ер адам үйге үнемі есікті сындыру арқылы кіріп жүрген», - делінген хабарламада.


Көршілері бәрін біледі, олардың бірі үнемі полицияға хабар беретін, бірақ олар: «Бұл отбасылық мәселе, олар өздері шешеді», деп жауап берді.


Әрбір ұрып-соққаннан кейін ұлы: «Анам соқыр, ол өзі құлап кетті», - дейді.


Осы оқиғаға байланысты полиция департаменті түсініктеме берді.



«Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды. 13 мамырда Медеу аудандық азаматтық сотында оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесі бойынша сот отырысы өтеді», - делінген ПД хабарламасында.


Оны ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесі бойынша сот отырысы өтпек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.