«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС экс директоры ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін 4 жылға сотталды
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Антикор мәлім етті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырып отыр.
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б. А. Байшуақовқа қатысты үкім шықты. Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.