«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС экс директоры ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін 4 жылға сотталды

1 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Norma.uzМаңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы Антикор мәлім етті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырып отыр. 

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б. А. Байшуақовқа қатысты үкім шықты. Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. 


"Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.", — делінген хабарламада.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.