Қызылордада техникалық заттар сататын сауда үйі отқа оранды

507
Қызылорда облысында техникалық заттар сататын сауда үй толығымен отқа оранды, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 6 маусымда сағат 23.51 шамасында болды. Сол уақытта Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентіндегі техникалық заттар сататын сауда үйінен өрт шыққан. «Сауда үйінің жалпы ауданы 758,8 шаршы метрді құрайды. 

Өрт кезінде аумағы 275 шаршы метр болатын шатыр, төбе жабыны және ішіндегі тұрмыстық заттары толығымен жанған. Өрт 00.53-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді.

«Сауда үйінің жалпы ауданы 758,8 шаршы метрді құрайды. Өрт кезінде аумағы 275 шаршы метр болатын шатыр, төбе жабыны және ішіндегі тұрмыстық заттары толығымен жанған. Өрт 00.53-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебіне өрт-сынақ зертхана жұмыстары тағайындалды. Шығын көлемі анықталуда», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.