Мамандар елімізде жаңа жыл қарсаңында азық-түлік пен ойын-сауық бағасы қалай өзгергенін айтты

1 340

Фото: pixabay.comҚазақстанда жаңа жыл қарсаңында мерекелік дастарханның негізгі құрамындағы мандарин, кәмпит пен ет бағасы былтырға қарағанда едәуір қымбаттаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Одан бөлек Аяз ата мен Ақшақар қызметі үшін де биыл бірнеше есе көп төлеуге тура келеді. 

Деректерге сүйенсек, бағаның ең үлкен өсімі мандариндер, кәмпиттер мен ет сияқты танымал өнімдерге тіркеліп отыр.

Мысалы, егер 2023 жылдың желтоқсанында бір килограмм мандарин 899 теңгеге сатып алуға болатын болса, 2024 жылы оның құны 1399 теңгеге өскен. Тауық еті 500 теңгеге, өсімдік майы 100 теңгеге қымбаттаған. Сонымен қатар, салаттарға танымал бұршақ пен жүгерінің де бағасы өскен.

1 келі кәмпит биыл 2 603 теңге, 1 929 теңге болған. Өсім +34.96%

Тауық еті 1 келісі 2 695 теңге,  ал былтыр 2 199  теңге болған. Өсім +19,82%

Күнбағыс майы 1л 775 теңге, 699 теңге болған. Өсім +10,87%

Жасыл бұршақ 425 мл 954 теңге, 849 теңге болған. Өсім +12,36%

Жүгері 212 мл 565 теңге, 539 теңге болған. Өсім +4,82%

Сонымен қатар, қарақұмық, күріш және макарон сияқты кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлар бір жыл ішінде 5% - ға қымбаттады.

Ойын-сауық саласы да едәуір қымбатқа түсті. Мысалы, Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыру қазір бір жыл бұрынғыға қарағанда орташа есеппен 7000 мың теңгеге қымбаттаған. Алайда, мұндай бағаларға қарамастан, аниматорлардың бос уақыты жоқ.

“28-29 күндері Аяз ата мен Ақшақарды жарты сағатқа шақырғыңыз келсе, бұл кем дегенде 50 мың теңгені құрайды. Ал жаңа жыл қарсаңында сағат 10-нан 1-2-ге дейін 100 мың теңгеге жуық ақша табуға болады”, – деді аниматор Таир Мазманов.

Еліміздің экономистері мен қаржы талдаушылары мерекелік кезеңде бағаның өсуі үйреншікті нәрсе екенін жеткізді.