Қытай ұйғырларға не істеп жатыр?
6 776
Қытайдағы ұйғырлар мәселесі тағы да әлем баспасөзінің назарына ілінді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдағы ұйғырлар мәселесі Ресейдегі шешендер, Испаниядағы баскілер, Түркиядағы күрттер, Солтүстік Ирландиядағы ирландықтар мәселесімен парапар. Әрине, әр елдегі жағдай әртүрлі. Бірақ, шағын халықтардың көксеген арманы біреу ғана, ол —тәуелсіздік.
Тәуелсіздіктің түтінін тұтатпақшы болған ұйғырлар үшін 2005 жылы заңға өзгеріс енгізіліп, бәрі қытай тілін білуге міндеттелді. Бір қарағанда, онда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Ақыры, қытай тілі негізгі мемлекеттік тіл болса, онда оны білу аз халықтар үшін, қайта, тиімді емес пе? Бірақ, бұл саясаттың астарында не жатыр, мәселе сонда.
Бұрын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы барлық қырғыз, қазақ, ұйғыр ұлттық мектептерінде бірінші сыныптан бастап ана тілі оқытылатын. 5-6 сыныпта ғана қытай тілі оқытыла бастайтын. Сонда мемлекеттік тілді бәрі де меңгеріп шығатын. Еш қиындық болмайтын.
Ал, 2005 жылдан бастап жағдай күрт өзгерді. Қатаң заң қабылданып, барлық қалаларда, ірі елді мекендерде бірінші сыныптан бастап оқу қытай тілінде жүргізілетін болды. Ұйғыр тілі болса, тек 6-шы сыныптан бастап қана оқытылатын болды.
Қытай елінен «қысым» көрдік деген шыңжаңдықтар Түркияға түрлі жолдармен көптеп келе бастады. Олар келе сала Түркиядан «қытайдың қысымындамыз» деп саяси баспана сұрап жатады. Түркия билігі де ұйғырларға көптеген жеңілдіктер жасап, шексіз қамқорлық көрсетіп келеді.
Орта Азиядағы түркілердің орыстан тәуелсіздік алып, ұлт атындағы мемлекет құра бастауы, жаңа Қазақстанның дүниеге келуі Шығыс Түркістан жолындағы күрестің арнасын басқа бағытқа бұрды. Ұйғырдың Шығыс Түркістан үшін қанаттаса күрескен сенімді серігі – қазаққа «Қазақстан деген отаным бар» деген ой түсіп, Шығыс Түркістан туралы арманынан түбегейлі бас тартып, Қазақстанға қоныс аудара бастады.
Тарихи кезеңде Шығыс Түркістанда жан саны жағынан өздерінен кейінгі орынды ұстайтын қазақтардан айрылған ұйғырлар енді қытаймен жеке-дара күрес жүргізуге тура келді. Енді оларға «Шығыс Түркістан» емес, «Ұйғырстан» деген ат қажет болды. Бірақ осы «Ұйғырстан» атауы жымсыма қытай саясаткерлеріне де қажет болып тұрғандай. Қытай ұйғырлардың тәуелсіздік үшін күресін тұншықтырудың қақпанын құра бастады. Ол қақпан «Ұйғырстан» болатын. «Ұйғырстан» – тәуелсіздік үшін күрескен ұйғыр үшін қолайсыз болатын. Себебі қытайлар оларға «Ұйғырстан» деген жеке қазан асқызу арқылы Шығыс Түркістандағы қандас түркі бауырларынан бөлектеп алды.
Қытайға тәуелсіздік үшін әр түрлі жолмен күрескен жалпы түркі жұртын террорист етіп көрсеткеннен гөрі жалғыз ұйғырды лаңкес етіп көрсету ыңғайлы, әрі ойға қонымды. Олар ақыры осы мақсатқа да жетті. Қазір қытай үкіметі істің мәніне үңілмейтін, саяси технологияны меңгермеген ұйғыр жетекшілерін пайдаланып, қолдан жасалған жарылыс, басқа да әрекеттер арқылы Шығыс Түркістандағы ұйғырды экстремистер қатарына қосып жіберді. Дүниеге ұйғырды тәуелсіздік үшін күрескен халық ретінде емес, террорист ретінде танытуда.
Түбі бір түркі жұртының бір шаңырағы шығыстан көтерілуін біз де тілейміз!