Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті

1 539

Фото: Видеодан алынған кадрТалғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Ол Қаржаубайлар әулетінің атынан барша көмек көрсеткен азаматтарға ризашылығын жеткізді.

«Ең алдымен Алланың, содан кейін бауырларымыз Асқар мен Асхаттың жомарттығының, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қолдауы мен қарапайым халықтың ниеттестігі арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын. Перизат қарындасымызға да алғысымыз шексіз.
Гүлбарам ханымның жүзінен күлкі көру — біздің ең үлкен бақытымыз болды. Осы игі іске үлес қосқан барлық жанға Қаржаубай отбасының және өз атымнан шынайы алғыс айтамын.
Айтпақшы, егер бейнебақылау камераларын сататын жомарт жандар болса, хабарласыңыздар. Енді бұл отбасының қауіпсіздігі біз үшін ең маңызды мәселе», – деп жазды адвокат.