Белгісіз ер адам әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткен

272

Алматыдағы базарлардың бірінен әйелдің басы кесілген қалта табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Желіде қапта оралған адамның кесілген басы табылғаны туралы ақпарат тарап көпшіліктің жағасын ұстатты. Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 


Ведомство мәліметінше 12 сәуір күні сағат 08:42-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылған. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексеріп дененің табылғанын растады. Алайда мәйіттің басы кесілген болып шықты. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды.


“Оның жеке басы анықталды: 47 жастағы азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.


ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге   жатпайды”, - делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.