Қызылордада телефон ұрлап, сатып жіберген күдікті ұсталды

149
Қызылорда облысында телефонды ұрлап, сатып жіберген күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Облыс орталығының тұрғыны 13 қараша күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасының “102” арнасына компьютер клубтарының бірінде Samsung-А12 ұялы телефонын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған. 

Басқарманың криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел күдікті азаматты ұстады. 



Анықталғандай, ол ұрланған телефонды сатып жібергені белгілі болды. Полиция қызметкерлері жедел қызметтерін атқарып сатылып кеткен телефонды жәбірленушіге қайтарды. Күдіктіге процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – келу туралы міндеттеме берілді. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.