2022 жылы кімдердің жалақысы көтеріледі әрі зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қанша болады?

830

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда күнкөріс минимумы мен айлық есептік көрсеткіш көтеріледі- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш 5%-ға артады. Нәтижесінде олардың мөлшері тиісінше 36 018 және 3 063 теңгені құрап, ең төменгі жалақы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өседі (жалпы өсім 41%). 2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 триллион теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 190,4 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Бұл 4,2 миллион адамның табысын арттырады, оның ішінде:

-2,3 млн зейнеткер үшін орташа зейнетақы мөлшері 7%-ға, ал базалық зейнетақы төлемі – 5%-ға ұлғайтылады, жалпы сомасы 138,3 млрд теңге;

- 1,9 млн алушының әлеуметтік төлемдері 5%-ға, жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге ұлғайтылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.