Елімізде кедейлер саны 40 мың адамға артты

124

Өткен жылы елімізде кедейлердің абсолютті саны 39,7 мың адамға өскен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі finprom.kz-ке сілтеме жасап.



Қазақстанда тек 10,4 млн адам әл-ауқатты және қанағаттанарлық деңгейде өмір сүреді. Өткен жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы аз қазақстандықтардың үлес салмағы өзгерген жоқ.


"Кедейшілікте өмір сүретін қала тұрғындарының үлес салмағы 3,8%-тен 4%-ке дейін, ал ауыл тұрғындарының үлес салмағы 7,2%-тен 7,3%-ке дейін өсті. Екіншіден, өткен жылы кедейлердің абсолютті саны 39,7 мыңға яғни, 992,1 мыңнан 1,031 млн адамға дейін өсті. Әсіресе, кедейшілік қала халқында көп, қаладағы кедейшілік 12%-ке өскен", - делінген зерттеуде.


Осы деректерге сәйкес, Қазақстанда отбасылардың тек 50,5% - ы немесе 10,4 млн адам ғана әл-ауқатты және қанағаттанарлық деңгейде өмір сүреді. Қалған 49,5% отбасы немесе 9,1 миллион адам проблемалық санаттарға жатады.